Мекен-жай
Z19Y6B3, г. Астана, Есильский район, ул. Мәңгілік Ел, 41/1.
ORTA қоры
Үлкен өзгерістер кішкентай
қадамдардан басталады
Қордың Қызметі

Қор туралы

Миссиясы
Қазақстан Республикасының әлеуметтік дамуына үлес қосу.
Философиясы
Көпшіліктің қызығушылық танытпауынсыз ауқымды қоғамдық өзгерістер орнату мүмкін емес.
Коммерциялық емес ORTA Қоры 2023 жылдың қазан айында Қазақстанда қоғамдық жобаларды дамытуды қолдайтын жеке тұлғалар мен ұйымдар тобының бастамасымен құрылды.
Қордың негізгі қызметі – бастамашыл қоғамдық ұйымдар мен іскер қазақстандықтарға гранттар мен басқа да нысандарды ұсыну есебінен қоғамдық маңызы бар жобаларды қолдау болып табылады. Сондықтан жобалар әлеуметтік маңызы бар болуы керек.
Мақсат
Қор айқындаған бағыттар шеңберінде азаматтарға бір немесе бірнеше әлеуметтік топтарға не тұтастай алғанда қоғамға ұзақ мерзімді және оң әсер ететін қоғамдық маңызы бар бастамалар мен жобаларды табысты іске асыруға қолдау көрсету.

Қордың Қызметі

Қор алты негізгі бағыт бойынша қолдау көрсету және қаржыландыру үшін мына жобалардың ішінен таңдайды:
Зерттеу жүргізу (R&D)
Зерттеу жүргізу (R&D)
Зерттеулер қоғамдық маңызға ие болуы және Қазақстан Республикасы мен оның тұрғындарының өміріне әсер етуі тиіс
Cпорт және туризм
Cпорт және туризм
Негізгі қағидаттары - бұқаралық спорт пен туризмді, инклюзивтілікті қолдау
Білім берудегі инновациялар
Білім берудегі инновациялар
ORTA үздік білім беру әдістемелерін мемлекеттік тілге бейімдеуіне ерекше назар аударатын болады
Мәдениет
Мәдениет
Қазақ мәдениетін дамыту және сақтау
Медиа
Медиа
ORTA әлеуметтік маңызға ие форматтармен тәжірибе жасайтын медиа бағытын қолдауға ұмтыладыи
IT
IT
Көбінесе әлсіз монетизацияға байланысты әлеуметтік маңызы бар IT жобаларға қаржыландыруды алу қиынға соғады. Ал ORTA бұл жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді

Қордың жұмыс істеу принциптері

ORTA қоры қаржыландыратын жобалардың алдына коммерциялық пайда табу мақсатын қоймайды. ORTA қолдау көрсетілетін жобалардың жұмысы мен жетістіктері туралы қоғамды үнемі хабардар ететін болады.
ORTA қоры өз қызметінде ашықтық пен шындық, перспективадағы ұзақ мерзімді тұрақтылық, командалық нәтижеге бағытталу және іргелік принциптерін негізге алады.
Қорда өз жұмыстарын ұсына алатын ORTA Community орталығы қосылған. Онда қоғамдық маңызы бар жобалардың авторлары өз көзқарастары мен тәжірибелерін басқа да жоба құрушылармен бөлісе алады.
Қордың қызметін қаржыландыру аралас жүреді, яғни ORTA өзінің және сырттан тартылған қаражаттарымен қамтамасыз етіледі.

Қор қолдайтын жобалар

Қазіргі уақытта Қордың қолдауымен SöZ пікірталас алаңының, Jaidarman creative Industries медиа компаниясының, ÖzgerTeam жобалық кеңсесінің, Dara Daryn жобасының және Kiin киім брендінің қызметі жүзеге асырылуда.

2024 жылы Қор өз қызметінің ауқымын кеңейтуді және Қазақстандағы ондаған қоғамдық жобаларды қолдауды жоспарлап отыр.

Қордың серіктестері мен демеушілері

freedom finance freedom finance
magnum magnum
allur allur

Байланыс орнату үшін

Мекен-жай
Z19Y6B3, г. Астана, Есильский район, ул. Мәңгілік Ел, 41/1.